14 мам, 2024 сағат 15:49

Биыл елде өрт қаупі жоғары - Шыңғыс Әрінов

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов биыл Қазақстанда өрт қаупі жоғары болатынын мәлімдеді деп хабарлады "Ұлт Ақпарат".


Биыл жаз айлары ыстық болып, табиғи өрт қаупі жоғарылайды деген болжам бар. Қазір Қазақстанда 27 орман, 122 дала өрті тіркелді. Олардың көпшілігіне авиация тартылып, министрлік күшімен сөндірілді, - деді ол.


Сонымен қатар Үкімет отырысында министр Шыңғыс Әрінов ірі өрт қаупіне қарсы дайындық туралы да баяндады.

«Жалпы, еліміз бойынша шамамен 50 мың адам және 10 мыңнан аса техника дайындалды. «Қазавиақұтқару» авиациясының 19 борты дайын тұр. Оның 9-ы су төгетін құрылғымен жабдықталған. Аэровизуалды барлау үшін 120 дрон бар. Министрліктің келісімі бойынша әкімдіктер табиғи өртті болдырмау жөніндегі жоспарларды бекітті», - деп отыр Шыңғыс Әрінов.