20 сәу, 2021 сағат 07:46

Биыл 2,6 млн ауыл тұрғыны медициналық көмек алады – Алексей Цой

Биыл 2,6 млн ауыл тұрғыны медициналық көмек алады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«19 сәуірдегі жағдай бойынша еліміздегі стационарларда 14 147 науқас ем алуда. Оның ішінде 775 адам немесе 5 пайызы реанимацияда ауыр және өте ауыр жағдайда жатыр. Жағдайы ауыр науқастардың 32 пайызы Алматы қаласының, 13 пайызы Нұр-Сұлтан қаласының, 6 пайызы Алматы облысының тұрғындары», - деді министр. 

Оның атап өтуінше, 2021 жылы жылжымалы медициналық кешені еліміздің 2 мыңнан астам шалғайда орналасқан елді мекендерін аралайтын болады. Осы іс-шараның арқасында 2,6 млн тұрғын медициналық көмекпен қамтылатындығы жоспарланған. 

«Ауыл тұрғындары үшін вакцинацияның қолжетімділігін арттыру мақсатында вакцина салу жылжымалы медициналық кешендерді қолдану арқылы ұйымдастырылатын болады», - деді Алексей Цой.