15 наурыздан бастап "Бішкек қаласының жолдар желісін дамыту" жобасының екінші кезеңі жүзеге асырыла бастайды. Жобаны қытайлық Сhina Road and Bridge Corporation атқарады. Бұл корпорация бұған дейін жөл жөндеу бойынша арнайы тендерді ұтып алған.
Ресми ақпарат бойынша, жол жөндеу жұмыстары ресми түрде 2020 жылы күзде басталған. Жобаның алғашқы кезеңінде 7 көпір салынған, жалпы ұзындығы 95 шақырым болатын 49 көше жөнделген.
Жоспар бойынша, 2021 жылы - 43 көше, 2022 жылы 17 көше жөнделуі тиіс. Жоба аясында бұған қоса, 5 көпір салынбақ. Көптеген көшелер кеңейіп, тротуар, суғару жүйелері қайта салынады.
"Бішкек қаласының жолдар желісін дамыту" жобасы үш кезеңнен тұрады. Оған 300 миллион юань (шамамен 44 млн доллар) көлемінде грант бөліндегі жайлы 2016 жылы хабарланған.
Ресми мәлімет бойынша, Қырғызстан 1992-2018 жылы аралығында 10 млрд доллар көлемінде сырттан көмек алған. 26 пайызы жол, көлікке жұмсалған. Жолға жұмсалған гранттардың басым бөлігін қытайлық Эксим банк берген.