10 қаз, 2020 сағат 15:40

Бішкек комендатурасы митинг пен алкогольге тыйым салды

Бішкек комендатурасы митингтерге, көше шерулері мен жаппай жиналатын шараларға тыйым салды, деп хабарлайды kabar.kg агенттігі.

Комендатураның баспасөз қызметі сағат 18.00-ден таңертеңгі 09.00-ге дейін алкоголь өнімдері мен қарулардың сатылуына тыйым салды. 

Сонымен бірге жағдайды ушықтыруға пайдаланылған аудио және видеотехникаларды қолдануға шектеу қойылып отыр. 

Бішкекте қазіргі уақытта азаматтардың барлығы үшін сағат кешкі 21.00-ден таңғы 05.00-ге дейін коменданттық сағат енгізілген. 

Еске сала кетсек, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 9 қазанда Бішкек қаласының аумағында төтенше жағдай режимін енгізу туралы жарлыққа қол қойған болатын.