19 қаз, 2017 сағат 18:09

Бишімбаев алған парасына Қосшыдан зәулім үй салып алған - Ұлттық бюро

Ұлттық бюро өкілдері ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты жаңа мән-жайларды айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпаратkaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

"Қуандық Бишімбаевқа сегіз рет пара алды және 1,2 миллиард теңгеге қаражат жымқырды деген айып тағылып отыр. 346 миллион теңге көлеміндегі соманың жеті парасы "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының аясындағы жалдамалы баспана құрылысына бөлінген қаражат. Бишімбаев Қосшы ауылында үй салған. Үйдің ауданы 500 шаршы метр, бағасы 400-500 мың доллар. Бұл оның алып жатқан парасының бөлігі", - деді Ұлттық бюроның тергеу департаменті жетекшісінің орынбасары Олеся Кексель.

Бүгін ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа жолданғаны хабарланған еді. 

Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері ҚР Ұлттық экономика министрлігін басқарған Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын хабарлаған болатын. "Бишімбаев топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алып отырған. Заңсыз алған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жаратқан", - деп хабарлаған еді Антикоррупция қызметінің өкілдері.

8 айға жуық министр болған Бишімбаев Астана қалалық ІІД-нің уақытша тергеу ұстау изоляторына қамалған еді.