Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім платформасын шұғыл әзірлеу қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қолжетімді әрі сапалы білім коронавирус індетінің салдарынан дүниежүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертуде. Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда Үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, әлі күнге дейін нақты бір онлайн платформа жоқ», - деді Президент.