Қазақстандық дипломаттардың үлесімен Біріккен Араб Әмірліктерінде жүрген 463 азаматымыз елге жеткізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасының Дубайдағы Бас консулдығының (БАӘ) дипломаттары азаматтарымызды отанына қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында 20-21 наурызда туристерімізді Дубай - Алматы (2 рейс) және Дубай - Нұр-Сұлтан бағыттары бойынша рейстерге отырғызуды жүзеге асырды», - делінген министрлік ақпаратында.
Мәлім етілгендей, дипломаттардың күшімен аталған рейстерге БАӘ-де жүрген өзге жолаушылар да отырғызылған.
«Атқарылған жұмыстардың нәтижесінда 463 азаматымыз елге оралды. Бас консулдық қалған отандастармен тұрақты байланыста және оларға қажетті көмек көрсетуде», - деді ведомстводан.