Фото: ашық дереккөз
Қазақстанның Халық қаһарманы, аты аңызға айналған ғарышкер Талғат Мұсабаев 75 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы «Роскосмос» Ресейдің мемлекеттік корпорациясы Telegram арнасында хабарлап, марқұмды еске алды, деп хабарлайды Ult.kz.
Хабарламада Талғат Мұсабаевтың ғарышқа үш рет сапар шеккені атап өтілген:
— 1994 жылы «Мир» орбиталық станциясына екі рет,
— 1998 жылы сол станцияға тағы бес рет,
— ал 2001 жылы Халықаралық ғарыш станциясына ұшқан.
Сонымен қатар, 2005 жылдан бастап ол Қазақстан мен Ресей арасындағы «Бәйтерек» бірлескен кәсіпорнының бас директоры қызметін атқарғаны айтылды.
«Талғат Амангелдіұлы 74 жас өмір сүріп, оның бір жылын ғарышта өткізді. "Роскосмос" пен Ресейдің ғарыш саласындағы кәсіпорындары марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады», – делінген жазбада.
