01 ақп, 2023 сағат 15:22

Бір жылда ел халқының саны қанша адамға артты?

сурет ашық дереккөзден алынды

Ұлттық статистика бюросы 2022 жылға арналған Қазақстан халқы санының өсімі туралы мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ресми дерек бойынша, 2022 жылдың басында Қазақстанда 19 миллион 503 мың 159 адам тұрған. 2023 жылдың 1 қаңтарында халық саны 19 миллион 765 мың 4 адам болды. Бір жылдағы халық санының жалпы өсімі 261 мың 845 адам болды.

Алматы қаласы халық санының ең жоғары өсімін көрсетті, бір жыл ішінде ол 60 мың тұрғынға өскен. Екінші орында Астана қаласы тұр, онда халық өсімі - 58 мың 724 адам. Одан кейінгі орында Түркістан облысы – 30 мың 553 тұрғынға артты. Осындай көрсеткіштер Шымкентте (+29,5 мың тұрғын) және Алматы облысында (+27,4 мың тұрғын) байқалады. Бұл ретте Астанада халық санының өсу қарқыны ең жоғары – 4,53 пайыз.

Теріс демографиялық көрсеткіштер Қарағанды ​​(-213 адам), Қостанай (-3 576), Павлодар (-1 608), Солтүстік Қазақстан (-5 087), Шығыс Қазақстан (-2 794) облыстарында, сондай-ақ Абай облыстарында (-1 669) және Жетісу (-82).