01 жел, 2020 сағат 06:52

Бір тәулікте коронавирустық пневмония 68 адамнан анықталды

1 желтоқсандағы жағдай бойынша, Қазақстан өңірлерінде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 68 адамнан анықталды, - деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Оған қоса, өткен тәулікте коронавирустық пневмониядан 27 адам емделіп шықты.

1 тамыз – 1 желтоқсан аралығында барлығы 42215 адам ауырды, 443 өлім жағдайы тіркелсе, жазылып шыққандардың саны 30562 жетті.