2019 жылғы 1 маусымнан бастап бюджет саласының төменгі жалақы алатын қызметкерлерінің жалақысын есептеуге коэффициенттердің жаңа кестесі енгізіледі. Білім беру саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова айтып берді.
Білім беру ұйымдары қызметкерлері жалақысын 10-нан 30%-ға дейін сараланған түрде ұлғайту жоспарлануда. Коэффициенттер кестесі білім беру деңгейіне, біліктілікке, жұмыс жағдайына қарай:
-
негізгі буындағы қызметкерлерге: колледж оқытушылары, мұғалімдер, психологтар, әлеуметтік педагогтар, балабақша тәрбиешілері, қосымша білім беру саласының педагогтары;
-
көмекші қызметкерлер: балабақшалардағы бала бағушылар, мекемелерді тазалайтын қызметкерлерге, аула тазалаушыларға, күзетшілерге;
-
басқарушы: колледж, мектептер басшылары, балабақша меңгерушілеріне қатысты болады.
«Бюджет саласының аз жалақы алатын қызметкерлерінің еңбекақысын арттыруға бағытталған бөлінген қаражаттың 75% білім саласына жұмсалады», — деді білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова.
Сондай-ақ, білім және ғылым министрі 2018 жылдан бастап 208 мың мұғалім (70%) білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша 30%-дық қосымша ақы, біліктілік сынақтарын сәтті тапсырған 60 мың мұғалім — 30-50% үстеме ақы алатынын атап өтті.
«Тестілеуге педагогтар жылына екі рет – мамыр және қараша айларында қатысады. Үш жыл ішінде біліктілік арттыру курстарынан орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша 144 мың мұғалім, 82 мың психолог және сынып жетекшілері, 15 мың колледждің инженерлік-педагогикалық қызметкері, 2,4 мың ЖОО оқытушылары өтеді», — деп ақпараттандырды К. Шәмшидинова.
Оның айтуынша, мектептегі оқу бағдарламаларына интеграциялау, АT-дағдыларды дамыту, жобалық және зерттеу жұмыстарын жүргізу, білім беруді интеграциялау және оларды тәжірибе жүзінде қолдану, оқу жоспарын толықтыратын және балаларды дамытуға бағытталған сыныптан тыс іс-шаралар жалғасады.
ТжКББ және жоғары білім жүйесінде білім беру бағдарламаларын жаңарту еңбек нарығының талаптарын, кәсіптік стандарттарды, WorldSkills стандарттарын, жетекші шетел университеттерімен білім беру бағдарламаларын үйлестіруді, кәсіпкерлік негіздерін, жобалық білім беруді ескере отырып жалғасады.
Студенттерді волонтерлік қызметке тарту туралы Елбасының тапсырмаларын орындау үшін волонтерлік ваучер жүйесін енгізу басталады: 25 сағатқа — 25 мың теңге және екі кредитті қайта тапсырып, 50 сағатқа — 50 мың теңге алып, 5 кредитті қайта тапсырады. Осылайша, белсенді студенттер тек өз бастамаларын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар өздерінің кірістерін көбейтіп, ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасайды, кәмелет жасқа толмаған девианттық мінез-құлқы бар балалармен, егде жастағы балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізіп, репетиторлықпен айналысады.
Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында К.Шәмшидинова арнайы слайдтарды көрсетіп, нақты мысалдарды да келтірді. Мәселен, қалада жұмыс істейтін әлеуметтік педагог, кітапxанашы мен тәрбиеші 2-3 жылдық еңбек өтілімен 55 869 теңге алса, 1 маусымнан бастап олардың айлығы 70 859 теңгеге дейін артады. Ал ауылда 69 837 теңгеден 88 573-ге дейін көтеріледі. Сол сияқты тәрбиешінің көмекшісі қалада 54 117 теңге алса, жалақы көтерілгеннен кейін аталған сома 63 904 теңге болады. Ауылда осы санаттағы мамандардың айлығы 67 713 теңгеден 79 880-ге дейін ұлғаяды. Бұдан бөлек, қалада педагог-псиxологтың айлығы 81 565, ал ауылда 101 957 теңге болады. Қазір 2-3 жылдық еңбек өтілі бар жас мұғалімдер қалада 55 480 теңге алса, алдағы уақытта олардың айлығы 66 382 теңгеге дейін көтеріледі. Ал ауылда жас мұғалімдердің жалақысы 82 976 теңге болады.