#
#
Сейсенбі 20/10/2020

БҒМ: Мектептерді қаржыландыру және сатып алу үрдісінде ашықтық қамтамасыз етілуі тиіс

  • 18.09.2020
  • 0
  • 124

Еліміздегі мектептер мен колледждерге компьютерлік техника сатып алуда мемлекеттік қаражаттың ашықтығы толық қамтамасыз ету мәселесі қозғалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сай, бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар еліміздегі мектептер мен колледждерге компьютерлік техника сатып алуда. Осыған байланысты мемлекеттік қаражаттың ашықтығы толық қамтамасыз етіліп, ұқыпты жұмсалуы қажет.

Бүгінгі таңда ҚР БҒМ арнайы ресурс дайындап жатқанын айта кеткен жөн. Бұл жерде жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдарының өкілдері қазақстандық мектептер мен колледждерге техникалық жабдықтарды сатып алу үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін ақпарат орналастыра алады. Сонымен қатар әр түрлі деңгейдегі білім бюджеті туралы басқа да ақпаратты көруге болады. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Бюджеттік қаржыландыру және сатып алу мәселелеріне қатысты министрліктің ұстанымы мынадай: толық ашықтық қамтамасыз етілуі тиіс және мемлекеттік қаражат ұқыпты жұмсалуы қажет. Мектептер мен колледждер үшін қаржыландыру мен сатып алуды әкімдіктер немесе білім беру ұйымдары (мектептер, колледждер) жүзеге асырады. Мұны бәрі біле бермейді. Қазіргі уақытта мектептерге компьютерлерді жергілікті атқарушы органдар сатып алып жатыр. Сатып алу процедурасы ашық жүргізілуі тиіс. Қажет болған жағдайда, материалдар мен фотосуреттерді Арнайы мониторингтік топ мүшелеріне беру қажет», – деп атап өтті ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари.

Сондай-ақ «Атамекен» ҰКП, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және ҚР Білім және ғылым министрлігімен жабдықтарға, сервистік қызмет көрсетуге, кепілдіктерге, сонымен қатар басқа да аспектілерге қойылатын ең төменгі талаптар келісіліп, ұсынымдар ретінде жергілікті атқарушы органдарға жіберілгенін естеріңізге саламыз.

Бұған дейін Білім және ғылым министрлігі жергілікті әкімдіктерге техникалық жабдықтарды жеткізушілерді іріктеу барысын қоғам белсенділерімен, Арнайы мониторингтік топ өкілдерімен бірлесіп ұйымдастыруды ұсынды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар