ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram каналы балаларға қашықтан қосымша білім беруге арналған платформалардың тізімін жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Министрлік мәліметіне сәйкес, COVID-19 індетіне байланысты жарияланған карантин кезінде балаларға қашықтан қосымша білім алуға арналған платформалардың тізімі мынадай:
- Алматы қаласының Оқушылар сарайының бағдарламалары қашықтан оқу форматында қолжетімді. Оқу Zoom технологиясының базасында тұр;
- Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасынан көптеген туындыны/мақаланы/жұмыстарды/газеттер мен журналдарды тауып алуға болады. Сілтеме: http:kazneb.kz;
- Қазақ тілін өздігінен оқып-үйренуге арналған материалдар мында қолжетімді;
- KazTub онлайн-кинотеатры тегін жұмыс істей бастады. Онда отандық 100-ге тарта фильмді көруге болады. 20 мультсериалы бар Kaztube.balapan блогын да тамашалаңыз;
- Coursera студенттерге 3 800 онлайн-курсты ашты: https:coursera.org;
- ҰБТ-ға, қорытынды аттестатқа дайындалуға арналған онлайн-жаттығу жұмыс істеп тұр. Сілтеме - https://itest.kz/ru;
- «Филин» - иллюстрациялық жануарлар энциклопедиясы: http://www.filin.vn.ua/index.html