10 там, 2020 сағат 17:32

Бейжіңдегі Абай ескерткішіне гүл шоғы қойылды

Бүгін Бейжіңдегі Абай ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстанның Қытайдағы Елшілігіне сілтеме жасап.

Осы тамаша күні белгілі жазушы, Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесінің экс-депутаты Әкбар Мәжіт, «Цзиньтай» өнер мұражайының негізін қалаушы және Абай мүсінінің авторы Юань Сикун, сондай-ақ доцент, филология ғылымдарының кандидаты және Бейжін шет тілдер университеті жанындағы Қазақ орталығының меңгерушісі Сунь Фан Абай мұрасы туралы өздерінің жылы ойларымен бөлісті.

Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің ұжымы барлық қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады.