06 там, 2020 сағат 06:43

Бейруттағы жарылыстан қаза тапқандар саны 137 адамға жетті

Бейруттағы жарылыстан қаза тапқандар саны 137 адамға жетті. Бұл туралы Ливанның Денсаулдық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Al Jazeera​​​​​ телеарнасына сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, зардап шеккендер саны 5 мыңға жеткен. Ондаған адам хабар-ошарсыз кеткен.

Бұған дейін 135 адамның қайтыс болғаны туралы хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, Бейрут теңіз портының қоймасында сейсенбі күні жойқын жарылыс болған еді. 

Ливан ІІМ мәліметі бойынша бұдан алты жыл бұрын кеден қызметтері тәркілеген қоймада сақталған 2,7 мың тоннадан астам аммиак селитрасының дәнекерлеу жұмыстары барысында жануы себеп болған. 

Жарылыс толқыны ондаған үйлерді, автокөліктерді қиратып, жойған. Ел астанасының көптеген аудандарында үйлердің әйнектері сынған. 300 мыңнан астам адам баспанасыз қалды.