05 там, 2020 сағат 12:14

Бейруттағы жарылыс: қаза тапқандар саны 100 адамнан асты

Бейруттағы жарылыс салдарынан 100-ден астам адам мерт болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұған дейін қаза тапқан 78 адам туралы хабарланған болатын. 

Sky News Arabia телеарнасының мәліметінше, зардап шеккен адамдар саны 4 мыңнан асқан. 

Сейсенбі күні Бейруттағы теңіз портында, Ливан әскери теңіз күштері базасына жақын жерде жойқын жарылыс болды. Жарылу толқынынан ондаған үйлер мен автомобильдер қиралып, зақымдалды, қаладағы көптеген үйлердің терезе шынылары сынды. 

Жергілікті биліктің мәліметінше, жарылысқа кеден қызметінің 2015 жылы тәркілеген, сол уақыттан бері қоймада сақталған 2,7 мың тонна аммиак селитрасының детонациясы себеп болды. Елде аза тұту күні жарияланды. Екі апталық мерзімге төтенше жағдай режимі енгізілді.