29 ақп, 2020 сағат 15:15

Бейбіт жиналыстарға қатысушылардың саны туралы мәселе пысықталады - Дәурен Абаев

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бейбіт жиналыстарға қатысушылардың саны туралы мәселені қарайтын болады. Бұл туралы Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мемлекет басшысы сұхбатында бейбіт жиындарға қатысушылардың санын 250 адам деп шектеу енгізу жөнсіз деп санаған болатын. Біз осы мәселе бойынша жұмыс істеудеміз. Бұл біз үшін тапсырма іспетті», - деді Дәурен Абаев елордада заң жобасын талқылау барысында. 

Еске сала кетсек, ҚР Презенті Қасым-Жомарт Тоқаев Informburo порталына эксклюзивті сұхбат берген кезде бейбіт жиналысқа қатысушылар саны 250-ден аспау керек деген шектеу қою міндет емес екені туралы айтқан.