01 шіл, 2025 сағат 12:40

Бет-жүзді жасыратын киімге ресми түрде тыйым салынды

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге шектеу енгізетін заңға қол қойды. Бұл тыйым тек заңмен белгіленген ерекше жағдайларда ғана қолданылмайды, деп хабарлайды Ult.kz.

Құжатқа сәйкес, бет-жүзді жабатын киімді киюге қызметтік міндеттерді орындау кезінде, медициналық қажеттіліктерге байланысты, ауа райынан қорғану үшін, азаматтық қорғаныс мақсатында, сондай-ақ спорттық және мәдени іс-шараларға қатысу жағдайларында ғана рұқсат етіледі.

Заңнамада: «Қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киім киюге тыйым салынады. Бұл талап қызметтік міндеттерді атқару, медициналық қажеттілік, азаматтық қорғаныс, ауа райының ерекшеліктері және спорттық немесе мәдени іс-шараларға қатысушыларға қолданылмайды», – деп көрсетілген.


Бұл түзетулер құқық қорғау саласын жетілдіру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын күшейтуге бағытталған заңнамалық өзгерістер шеңберінде енгізілді.