10 там, 2020 сағат 06:35

Бестөбе шатқалы мен Сілеті су қоймасын ластағандарға айыппұл салынады - министрлік

Экология министрлігі демалыс күндері жергілікті әкімдік пен ІІМ өкілдерімен бірге Сілеті су қоймасына кезекті қоғамдық рейд жүргізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Су қоймасына еліміздегі ең бір таза өзеннің бірі - Сілеті ағып келеді. Ал Бестөбе шатқалы астанадан шамамен 200 шақырым. Адамдар осында демалуға келгендер қалдыратын қоқысқа, олардың табиғатқа тағылықпен қарауына, белгіленбеген жерде шомылатынына шағым айтып жатыр.

«Біз демалып жатқандармен әңгімелесіп, қоқысты жинадық. Егер бәріміз бірге тәртіпке келтіру шараларын қабылдамайтын болсақ, ертең демалатын таза жер қалмайды. Тұрғындардың арасындағы түсіндіру жұмысын құрамында 1,5 млн бала бар «Жас ұлан» жастар ұйымының жас көмекшілерінің жәрдемімен жүргіземіз. Біздің табиғатты аялау туралы дәрісімізді естіген балалар үйге келген соң, ата-аналарының да қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауын өтінеді», - дейді министрліктің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ермек Омаров. 

Экология министрлігі кезекті рет ел азаматтарын табиғатта демалудың қарапайым қағидасын сақтауға, қоқысты қалдырмай алып кетуге, қоршаған ортаға зиян келтірмеуге шақырады. Әйтпесе мемлекет экологиялық заңнаманы бұзушыларды қатаң жазалауға мәжбүр болмақ. 

Министрлік қазақстандықтар басқалардың табиғатқа зиян келтіруіне бей-жай қарамауға, ондай жағдай орын алып жатса туралы қауырт желіге хабарлауын сұрайды. 

Экология министрлігі адамдар демалатын жерлерге, оның ішінде ерекше қорғалатын аумақтарға қоғамдық рейд жүргізуді жалғастырмақ.