Әлеуметтік желіде Түркиядан келген жүк көлік жүргізушісінің Қазақстанда полицейлер өзге елдерге қарағанда жиі тоқтататынын айтып шағымданған видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Түркиядан келген көлік жүргізушілеріне немқұрайдылық таныту дерегі бар ма, оны заңгер Бауыржан Бибатыров анықтауды жөн көрген.
"Бізге Түркиядан келген жүк көлік жүргізушісінің "полиция қызметкерлері Атырауда бесінші рет тоқтатқанын" айтып шағымданған видеосы келді. Оның айтуынша, Қазақстандағыдай еш жерде тоқтатпайды. Видеода полиция қызметкері арнайы бас киімін кимей, дөрекі сөйлесіп, құқық қорғау органдарының ғана емес, елдің беделін түсіріп тұрғаны көрінеді, - деп жазды ол.
