Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшыларына қаңтардағы үндеуі аясында ЕАЭО елдері арасындағы өзара саудадағы кедергілерді жою Қазақстанның сөзсіз басымдығына айналатынын баса айтқан болатын. Еуразиялық экономикалық комиссия тауар, қызметтер, капитал және жұмыс күшінің еркін қозғалуын шектеп жатқан кедергілерді алып тастау және жаңа кедергілердің пайда болуына жол бермеуді белсенді әрі ашық жүргізу керек. Осы орайда, кеше қазақстандық бизнес өкілдері Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесу өткізді. Аталған жиында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердегі бизнес мәселелерін тұрақты негізде қарауды ұсынды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов жүйелілік нақты уақыт режимінде проблемаларды қадағалауға қатысты мәселелерді көтерді.
«Палатада мәселелерді ағымдағы мәселелер – күнделікті өтінімдер, бизнесті қорғау бойынша жеке сұрақтар, консультациялар және жүйелі мәселелер деп бөлеміз. Бәлкім, бес елдегі бизнестің өтінімдерін қадағалау, олардың шешілуін бақылау үшін осындай тізілім, электронды алаңды құру бойынан ұсынысты қараған жөн болар», – деген Абылай Мырзахметов бізде түйткілді мәселелер тізімі бар екенін атап өтті.
Сонымен қатар, аталған жиында кәсіпкерлер техникалық реттеу және химиялық өнімді жаппай тіркеу, автомобиль өнеркәсібіндегі кооперация, демпингке қарсы шараларды қолдану, Одақ аумағы арқылы қазақастандық тауарлардың транзитіне қатысты мәселелерді көтерді. Сондай-ақ, жиынға қатысқан кәсіпкерлер сонымен бірге Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы арқылы Қазақстан Республикасына өтетін фитосанитарлық бақылауға жататын «санкцияланған тауарлардың» транзитіне тыйым салумен байланысты проблеманы атап өтті.
«Беларусь Республикасының уәкілетті органы Россельхознадзорға сілтеме жасап, фитосанитарлық бақылауға жататын санкцияланған тауаралрды өткізбейді. Қазіргі кезде біз мұндай тарауалрдың транзитін Ресей-Латвия шекарасындағы екі өткізу бекеті (Бурачки, Убылинка) арқылы өткізіп жатырмыз. Мұндай маршрут жеткізушілерге ұзақ, айналмалы. Бұл жайт ҚР аумағына өнімді жеткізу мерзімін орта есеппен 10-12 күнге ұзартып жібереді, сонымен қатар 1 жүк көлігіне орта есеппен 50 мың рубльге шығын әкеледі», – деді Владимир Степченко.
«Атамекен» ҚР ҰКП Кедендік реттеу департаментінің директоры Дина Мамашева ЕАЭО Кедендік кодексіне өзгерістер енгізуге қатысты алаңдаушылығын білдірді. Бүгінде құжатқа 309 түзету енгізілген, қазақстандық тарап 58 түзету енгізді, оның ішінде 55 түзету бизнес өкілдері бастамалаған.
«Жұмыс даму стратегиясының және тараптардың қандай шараларды қарастыруы керектігі жайында түсінудің болмауына байланысты ретсіз және жүйесіз жүргізілуде. Кедендік өзара қарым-қатынас шеңдерінде бірден 4 келісім бойынша жұмыс басталғанын баса айтқым келеді, соның ішінде транзиттің бірыңғай жүйесі туралы келісім бар. Алайда ұсыныстарды қарау бойынша топтар мен қосалқы комитеттерді саны бүгінде 33 бірлікті құрайды, олар тиімді жұмысқа кедергі келтіруде», - деді «Атамекен» ҚР ҰКП Кедендік реттеу департаментінің директоры Дина Мамашева.
Кездесу барысында кәсіпкерлерге әр мәселе бойынша түсіндірме берілді. Барлық көтерілген проблема хаттамаға жазылып, ЕЭК және «Атамекен» ҚР ҰКП бақылауына алынды.
Естеріңізге сала кетейік, Кеше қазақстандық бизнес өкілдері Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесу өткізді. Аталған жиында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердегі бизнес мәселелерін тұрақты негізде қарауды ұсынды. ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов жүйелілік нақты уақыт режимінде проблемаларды қадағалауға қатысты мәселелерді көтерді.