17 мау, 2019 сағат 19:03

Берік Уәли ҚР Президенті атына ашылған фейк-аккаунтқа қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Instagram-дағы @elbasy-tokayev деген аккаунтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Әлеуметтік желілердегі түрлі парақшаларды көрсетіп, менен олардың Мемлекет басшысына қатысы қаншалықты деп жиі сұрайды. Бүгін Instagram-дағы @elbasy-tokayev деген аккаунт туралы сұрақ келіп түсті. Мен ол аккаунттың Қасым-Жомарт Кемелұлына ешқандай қатысы жоғын және оның фейк екенін ресми түрде мәлімдеймін. Сондықтан сол және басқа да аккаунттарда жарияланған ақпараттар ресми болып саналмайды», - деп жазады Берік Уәли өзінің facebook-тағы парақшасында.

Еске салсақ, бұған дейін де Берік Уәли Президенттің атына ашылған фейк-аккаунттар туралы айтқан болатын.