29 қар, 2017 сағат 12:39

Бердімұхамедов Түрікменбашының құрметіне қойылған ауыл, қала атауларын өзгертті

Түрікменстан президенті Лебап велаятына барған іссапарында аймақтағы әкімшілік-территориялық бөліністердің атауын өзгерту туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі hronikatm.com-ге сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, елдің ірінші президенті Сапармұрат Ниязовтың құрметіне қойылған кейбір территориялық атау өзгертілді, деп жазды tdh.

Атап айтқанда, Ұлы Түрікменбашы атындағы аудан таратылып, енді ол Дөвлетли ауданына тиесілі болды.

Ниязовтың әкесінің есімімен аталған Атамұрат ауданы мен Атамұрат қаласының атаулары Керкі ауданы мен Керкі қаласы болып ауыстырылды.

Сердарабат ауданының атауы (Сердар – Сапармұрат Ниязовтың титулдарының бірі) Чәрджев ауданы болып алмастырылды.

Дән ауданындағы Ниязов ауылының атауы Тәуелсіздік болып өзгерді.