26 қар, 2020 сағат 06:35

Бельгия соты Стати алаяқтығының жаңа дәлелдерін қарастырады

17 қарашада Бельгиядағы брюссельдік апелляциялық сот Қазақстан Республикасына Молдова азаматтары Анатол Стати, Габриэль Стати және олардың Ascom Group SA және Terra Raf Trans Traiding Ltd («Стати») компаниялары жасаған алаяқтығына қатысты позициясы мен материалдарды түбегейлі түрде ұсынуға рұқсат берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Әділет министрлігіне сілтеме жасап.

Алаяқтық «Қазақстанға салынды» деп болжанатын Стати инвестицияларына әсер етеді және Статимен 2013 жылы Қазақстан Республикасына қарсы алған төрелік шешімнің заңдылығын бұзады. 

Алаяқтық фактісін растайтын қолда бар барлық дәлелдеме, соның ішінде Стати компаниясының қаржылық есептілігіне аудит жүргізген KPMG Audit LLC («КПМГ») компаниясынан жақында алынған маңызды дәлелдемелерді соттың толық қарауына Стати кедергі келтіре алмады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 21 тамыздағы хатында КПМГ Статидің қаржылық құжаттары бойынша Қазақстанға болжамды инвестицияларына қатысты жасаған барлық аудиторлық есептердің күші жойылды деп танудан басқа амалы жоқ деп мәлімдеді («КПМГ корреспонденциясы»). Жалпы алғанда, бұл Стати компанияларының үш жыл қаржылық есептілігі үшін КПМГ дайындаған он сегіз аудиторлық есепті қамтыды. Стати жасаған жалған мәмілелерге қатысты ақпаратты Стати КПМГ-ге әдейі бергеніне қатысты жазбаша дәлелдерді тәуелсіз қарастырғаннан кейін КПМГ өзінің аудиторлық есептерінің күшін жою туралы бұл өте маңызды және сирек шешімді қабылдады.

КПМГ шешімінің салдарын біле отырып, Стати бұл жаңа дәлелдемелерді сот талқылауы кезінде мұқият қарауға жол бермеу үшін жасыруға тырысты. Жаңа дәлелдемелерді жасыру бойынша жүйелі науқанның нәтижесінде осы уақытқа дейін Бельгиядағы немесе басқа юрисдикциядағы бірде-бір сот КПМГ корреспонденциясын және оның төрелік шешімнің жарамсыздығына әсерін қарастыра алмады.

2020 жылғы 17 қарашадағы шешіммен Бельгияның апелляциялық соты Статидің сот ісін тоқтату туралы өтінішін қабылдамай тастады. Сот Қазақстан Республикасы алаяқтық туралы істі толық көлемде қарау үшін одан әрі процестік әрекеттерді жалғастыруға және төрелік шешімнің орындалуына наразылық білдіру үшін қолда бар барлық негіздерді, соның ішінде КПМГ корреспонденциясын қоса алғанда ұсынуға құқылы деп қаулы етті. Бұл шешім КПМГ корреспонденциясы жаңа және іске қатысы бар дәлелдемелерді, атап айтқанда төрелік шешімнің «сапасына», яғни жарамдылығына қатысты дәлелдерді қамтиды деп ұйғарған сол апелляциялық соттың бұрынғы қаулысынан кейін шықты.

Бельгиялық апелляциялық сот Қазақстан Республикасына Статидің алаяқтығына қатысты жаңа дәлелдемелерді қандай да бір шектеусіз ұсынуға мүмкіндік беретін процестік кестені белгіледі. Сонымен қатар, сот істі толық қарау үшін үш күндік тыңдауды тағайындады.

Бұл сот 2017 жылғы маусымда ағылшын Жоғарғы Соты төрелік шешімнің алаяқтық жолмен алынғандығы туралы жеткілікті дәлелдер бар деген қорытындыға келгеннен кейін, қазіргі уақытта қол жетімді алаяқтықтың барлық дәлелдерін бірінші рет қарастырады. Ағылшын сотының алдын ала шешімінен кейін алаяқтықтың дәлелдерін қарау бойынша одан әрі сот процесін болдырмау үшін Стати Ұлыбританияда сот ісін жүргізуден бас тартты.

2021 жылдың қазан айында Бельгия апелляциялық соты барлық дәлелдеме негізінде, соның ішінде КПМГ корреспонденциясы назарға ала отырып, Статидің алаяқтық әрекеттерін мұқият зерттейді.

Сондай-ақ, 2020 жылғы желтоқсанда Нидерландының Жоғарғы Соты «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ тиесілі KMG Kashagan B. V. акцияларына тыйым салуға байланысты Статимен алынған қамтамасыз ету шараларына қатысты алдын ала шешім шығарады деп күтілуде. Бұл шешім алдын ала сипатқа ие, ал негізгі мәселелер Амстердам аудандық сотының үш судьясының алқасында қарастырылуда.