Брюссель билігі коменданттық сағатты желтоқсан айының ортасына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазан айының соңында Брюссельде коронавирусқа шалдыққан адамдар санының күрт өсуіне байланысты сағат кешкі 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін тұрғындардың қозғалысына шектеу қойылған.
Бүгін Брюссель қалалық аймағының басшысы Руди Верворт коменданттық сағаттың 2020 жылғы 13 желтоқсанға дейін ұзартылатынын мәлімдеді.
«Брюссельде пандемия статистикасы әлі де алаңдаушылық тудыртып отыр», - деп атап өтті қала басшысы.
Бельгияның Sciensano ғылыми орталығының мәліметінше, 18 қарашада елорда аймағында КОВИД-19 вирусын жұқтырудың 400-ден астам жаңа оқиғасы тіркелді.
Бельгиялық Валлония да аймақтық коменданттық сағатты аталған күнге дейін ұзартқан.