Белгілі жазушы Мұхтар Мағауин 85 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Ult.kz.
Қаралы хабарды жазушының ұлы Едіге Мағауин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Арыстан ӘКЕМ фәниден бақиға аттанып кетті, АҚШ-тың Мерилэнд штатындағы үйінде, бала-шағасының ортасында, 2025 жылғы қаңтардың 9-ы, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:55-те (Қазақстан уақыты бойынша қаңтардың 10-ы, сағат таңғы 5:55), – деп жазды Едіге Мағауин.