05 шіл, 2025 сағат 14:58

Белгілі режиссер Сламбек Тәуекел дүниеден озды

Фото: ҚР МАМ

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал кинорежиссер, сценарист және продюсер Сламбек Тілеуқабылұлы Тәуекел өмірден өтті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлап, марқұмның отбасы мен туыстарына, әріптестеріне қайғыра көңіл айтты.

Сламбек Тәуекел қазақ кино өнерінің дамуына айрықша үлес қосқан көрнекті тұлға ретінде тарихта қалды. Ол тарихи-көркем фильмдер түсіріп, ұлттық руханият пен мәдениетке қызмет еткен кәсіби режиссер болды. Сонымен қатар, Қазақ ұлттық өнер университетінде ұзақ жылдар ұстаздық етіп, талай жас маманның қалыптасуына ықпал етті.

«Құрмет» және «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері Сламбек Тілеуқабылұлының ел мәдениетіне қосқан еңбегі ұмытылмайды. Өнер мен руханият жолындағы ғибратты ғұмыры халық жадында мәңгі сақталмақ.

Марқұмның жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын.