#
#
Сейсенбі 11/08/2020

Белгілі кинорежиссердің үйін тонаған ұры ұсталды

  • 11.12.2019
  • 0
  • 492

Алматы полициясы танымал кинорежиссердің үйін тонаған ұрыны ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ұрылар оның үйіне тапа-тал түсте түскен. Үйде ешкімнің жоқтығына көз жеткізген ұрылар есікке сәйкес келетін кілтті тауып, үйге кірген.

«Олар қымбат техниканы ұрлап кеткен. Бұл техниканы үй иесі кино түсіруге қолданады. Сонымен, келген шығын көлемі 2,5 млн теңгеге жетті. Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел тергеу тобы құрылды. Бірнеше күн ішінде күдіктінің кім екені анықталып, ұсталды. 27 жастағы Талғар қаласының тұрғыны бұрын да мүлік тонағаны үшін істі болған. Ол қолды еткен қымбат аппаратты 200 мың теңгеге сатып жіберген. Қазір аталған зат тәркіленіп алынды. Жақын арада иесіне қайтарамыз», - деді қалалық ПД басқарма басшысы Жанболат Зиадин.

Полиция Жаңа жыл қарсаңында статистика бойынша үй тонау деректері көбейіп кететінін айтты. Сондықтан, қала тұрғындарына қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар