Беларусьте коронавируспен байланысты үш жағдай тіркелді. Бұл туралы тілшілерге Денсаулық сақтау министрінің орынбасары – Бас санитарлық дәрігер Наталья Жукова хабарлады, деп жазады БЕЛТА агенттігі.
«Бізде коронавируспен байланысты үш жағдай тіркелді. Олардың қауіпті індетпен байланысты екендігі айқын, енді тексеру нәтижелерін растау үшін олар ДДСҰ-ның референс-зертханасына жіберіледі», - деді Наталья Жукова.
Ол өз еліндегі зертханалардың жұмысына кәміл сенетінін жеткізді.
Коронавирус анықталған Витебск тұрғынының денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Оның дене қызуы қалыпты, әйел адамның дені сау десе болады.
Бұл туралы БЕЛТА-ға Денсаулық сақтау министрлігінен хабарланды.
Минскідегі екі пациенттің де денсаулық жағдайлары дұрыс. Олардың тіпті дене қызуы да көтерілген жоқ.
«Біз тек жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Қажет болғанда көмектесуге дайынбыз», - деп қосты Беларусь мемлекеттік медициналық университетінің кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Игорь Карпов.