Еліміздегі Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында «Бекіре–2020» балық қорғау акциясы кезінде 13,9 тонна балық заңсыз айналымнан алынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"
Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ресми өкілі Олек Тушкановтың мәліметінше, аталған акция кезінде 759 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сондай-ақ, 33 қылмыстық іс қозғалған. Соның нәтижесінде 13 млн теңге айыппұл салынған.
«Заңсыз сауда айналымынан 13,9 тонна балық алынды. Оның ішінде 943,9 келі бекіре тұқымдас балық бар. Сонымен бірге, 16,34 келі қара уылдырық, 439 ау жарағы, 119 жүзу құралы тәркіленді» -дейді Олег Тушканов.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау полициясы жарты тоннадан астам бекіре тиелген көлікті ұстады.