14 қаң, 2022 сағат 13:05

Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды


Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Премьер-Министрінің өкімімен Марат Бақытжанұлы Бекетаев ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды" - делінген хабарламада.

Марат Бекетаев 2016 жылдан бастап Қазақстанның Әділет министрлігін басқарған. Сондай-ақ, әр жылдары Сыртқы істер министрлігінде, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде және Президент Әкімшілігінде жұмыс істеген.