Ресей Украинаға басып кірген шақта АҚШ президенті Джо Байден Америка азаматтарының ядролық соғыс жөнінде алаңдауына негіз жоқ деп мәлімдеді. Бұл туралы Азаттық хабарлады.
27 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Ресей ядролық қаруын арнайы тәртіпке көшіруді бұйырған. 28 ақпанда Ақ үйде сөйлеген Джо Байден АҚШ ядролық қару дайындығының деңгейін өзгертпейтінін айтты.
"Бұл мәселе бойынша жеке көзқарасымыз бен бағамызды өзгерткен жоқпыз. Бірақ десе де оның (президент Владимир Путин - Азаттық) қоқан-лоқыны қалай пайдаланатынын шынайы бағалау керек" деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки MSNBC сұхбатында.
АҚШ ядролық қаруды дайындық режиміне көшірген Ресей басшысы осылайша "Украинаға қатысты агрессиясын ақтауға тырысып отыр" деп санайды.
"Ядролық соғыста жеңу деген жоқ және ешқашан соғысқа жол бермеу керек. Біздің ойымызша, ядролық қаруға қатысты арандату сипатындағы сарын қауіпті және жаңылу қаупін зорайтады. Одан аулақ болған дұрыс және біз бұл мәселені бұрмаламаймыз" деді Ақ үйде.
Президент Джо Байден 28 ақпанда АҚШ одақтастарымен бірге телефон арқылы келіссөз жүргізіп, ядролық қауіп-қатерге кез келген жолмен төтеп беру қажеттілігін талқылаған. Байденнің сөзіне Канада, Франция, Германия, Италия, Польша, Румыния, Ұлыбритания және НАТО мен Еуроодақтың жоғары лауазымды тұлғалары қосылған.
Ресей қорғаныс министрлігі бұған дейін зымыран-ядролық күштері мен Солтүстік және Тынық мұхиты флоты күшейтілген режимге көшкенін хабарлаған.