08 сәу, 2019 сағат 20:05

Бауыржан Омаров - ҚР Президентінің кеңесшісі

Бауыржан Омаров ҚР Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Бауыржан Жұмаханұлы Омаров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды», — делінген ресми хабарламада.

Бауыржан Омаров 1962 жылы Қызылорда облысы Арал ауданы Қаратерең ауданында туған.

Филология ғылымдарының докторы (2001), профессор (2002), Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (2013). Қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін (1986), Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетін (1998), Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін (2006) бітірген.

Еңбек жолын «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің тілшісі болып бастаған. Аға тілші, аудармашы, бөлім меңгерушісі (1986–1994) қызметтерін атқарған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы (1994–1996), аға ғылыми қызметкері (докторант) (1998–2000), профессоры (2002–2003), Қызылорда мемлекеттік университетінің проректоры (1996–1997), Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары – Қызылорда арнайы экономикалық аймағы әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары (1997–1998), Қазақстан БҒМ М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі (2000–2003), ҚР Мәдениет министрлігінің Тілдерді дамыту департаментінің директоры, ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Тіл комитетінің төрағасы (2003–2006), «Литер-Media» ЖШС атқарушы директоры, «Астана хабары» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, «Айқын» газетінің бас редакторы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының жетекшісі, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры (2006–2009), ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары, Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы, ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы. ҚР Президенті Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі (2009–2013),қызметтерін атқарды. Қазір – ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

100-ден астам ғылыми жарияланым мен 10 ғылыми және публицистикалық кітаптардың авторы.