10 нау, 2020 сағат 17:43

Бауыржан Исламхан «Әл-Айн» клубының сапында алғашқы голын салды

Қазақстандық футболшы Бауыржан Исламхан «Әл-Айн» клубының сапында алғашқы голын салды, деп хабарлайлы "Ұлт ақпарат".

Біріккен Араб әмірліктерінің кубогында «Әл-Айн» клубы «Ал-Шарджа» командасымен кездесті. 

Осы ойынла клубтың жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан алыстан қақпаны дәл көздеді. Видео спорт телеарнасының Twitter-дегі парақшасында жарияланды. 

Еске сала кетсек, қаңтар айының соңында футболдан Қазақстан ұлтық құрамасының бұрынғы капитаны Бауыржан Исламхан Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл-Айн» клубына ауысқан болатын.