31 қаң, 2020 сағат 13:40

Бауыржан Исламхан «Әль-Айн» клубына ауысты

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл-Айн» клубына ауысты, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Клубтың Twitter-дегі ресми аккаунтында «Қош келдің, Исламхан!» деген атпен шағын видеоролик жарияланды.

Осылайша, Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл-Айн» клубы футболдан Қазақстан ұлтық құрамасының бұрынғы капитаны Бауыржан Исламханды өз ойыншысы ретінде ресми таныстырды.

Айта кетейік, бұған дейін Бауыржан Исламханның Біріккен Араб Әмірліктеріне жаңа клубпен келісім жасауға кеткені белгілі болған еді.