Батыс Қазақстан облысында коронавирусқа қарсы егілгендер саны 31 мыңнан асты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, қазіргі таңда 31187 адам (83 пайыз) вакцинаның бірінші компонентін алды.
Соның ішінде 5718-і – медицина қызметкерлері, 4864-і – педагогтар, 2315-і – құқық қорғау, 18290-ы – басқа сала өкілдері.
Сондай-ақ 7674 адам вакцинаның ІІ компонентімен егілді.
Облысқа 23 сәуір күні 12400 доза (І компонент) жеткізілген болатын.
Оған қоса 25 сәуірде әкелінген 2 мың доза (1 мыңы – І, жартысы – ІІ компонент) отандық QAZVAС вакцинасын да тұрғындар қабылдауда. Бұдан 117 доза (11,7 пайыз) жұмсалды.
Басқарма мәліметіне қарағанда, соңғы түскен партиядан (13400 доза) 7112 адам (53 пайыз) бірінші компонентті алды. Айталық, 26 сәуірде – 2500, 27-сінде 2192 адам егілді. Яғни алдыңғы күндермен салыстырғанда, екпе алушылар қатары көбейді.
Облыста 30 медицина ұйымдарында егу кабинеттері демалыссыз жұмыс істеуде.
Жалпы, вакцинация басталғаннан бері облысқа 62700 (37550-і – І, 25150-і – ІІ компонент) доза вакцина жеткізілді.
