Батыс Қазақстан облысында азамат соғысы кезінен қалған снарядтар табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, бірінші оқиға 26 сәуір күні Бәйтерек ауданы Жаңатаң ауылы тұсында болды.
Малшы болып жұмыс жасайтын 1983 жылғы тұрғын ауылдан 4-5 шақырым қашықтықта темір іздеп, жер қазып жүріп, ұзындығы 300 мм, диаметрі 75 мм металл снаряд тауып алған.
Оқиға орнына саперлар дереу жетіп, снарядты жойды. Мамандардың сараптамасына сәйкес снаряд азамат соғысы жылдарынан бері жатқан болып шықты.
Сондай-ақ 27 сәуір күні шамамен сағат 11.50-де Бәйтерек ауданы Дариян ауылының шетінде 1988 жылғы тұрғын ұзындығы 350 мм, диаметрі 76 мм артиллериялық снаряд тауып алған. Алдын ала мәліметке қарағанда, жойылған бұл снаряд та азамат соғысы кезінен қалған.
