08 мау, 2021 сағат 18:52

Батыс Қазақстанда азамат соғысы кезінен қалған алты снаряд табылды


Батыс Қазақстан облысында азамат соғысы кезінен қалған алты снаряд табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 8 маусым күні Ақжайық ауданы Бударин ауылында болды.

Сағат 11.45-те 1963 жылғы ауыл тұрғыны Жайық өзенінің ескі арнасынан қара металл жинау кезінде азамат соғысы кезінен қалған алты артиллериялық снаряд тауып алған. Бұлардың ұзындығы - 30 см, диаметрі - 8,5 см. 


«Қазіргі кезде оқиға орнында БҚО полиция департаментінің саперлары залалсыздандыру бағытындағы жұмыстарды жүргізуде. Табылған снарядтар белгіленген тәртіппен жойылатын болады», деді Белгібеков.