07 мау, 2021 сағат 13:43

Батыс Қазақстанда 400-ге жуық адам инфекциялық стационарларда емделіп жатыр


Батыс Қазақстан облысында 1123 төсектік 18 инфекциялық стационарда коронавирус жұқтырған 395 адам емделіп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, соның ішінде Орал қаласында 600 төсектік 5 стационарда 321 науқас ем қабылдауда.

Басқарма мәліметіне қарағанда, індет басталғаннан бері 23070 адам тіркеліп, соның 18 мыңы жазылып шықты. 343-і өмірден өтті.

Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 60 адам анықталып, 22 науқас емделіп шықты.

Соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, ауру жұқтыру көрсеткіші 7,1 пайызға (44 адамға) төмендеді.

Жыл басынан бері 13849 адамнан індет табылса, соның 55,8 пайызы (7739) Орал қаласы, 14,2 пайызы (1973) Бәйтерек, 11,1 пайызы (1551) Бөрлі ауданының үлесіне тиеді.

Облыс бойынша күні бүгінге дейін 71510 адам вакцинаның бірінші, 34248-і екінші компонентімен егілді.