24 мам, 2021 сағат 21:30

Батыс Қазақстанда 17 жасар жасөспірім суға батып кетті


Батыс Қазақстан облысында 17 жасар жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін Теректі ауданы Подстепный ауылындағы Ядовитая өзенінде болды.

Сағат 17.30-да шомылуға тыйым салынған жерден түскен 2004 жылғы жасөспірім белгісіз жағдайда батып кеткен. 

Марқұмның денесі сағат 18.33-те судан шығарылды. 

Оқиға орнында жедел құтқару жасағы (6 адам, 1 техника), аудандық ТЖ бөлімі (1 адам, 1 техника) қызметкерлері жұмыс жасады.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс жасап жатқанын жеткізді.