04 мам, 2021 сағат 19:21

Батыс Қазақстан облысында 350 оқушыдан коронавирус табылды


Батыс Қазақстан облысында үшінші тоқсанда 1 сәуірден бастап 350 оқушыдан коронавирус анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, індет жұқтырған шәкірттердің 180-і дәстүрлі сипатта, 170-і қашықтан оқиды. 

Осыған байланысты олар білім алатын мектептерде тиісті карантиндік іс-шаралар алынды.

«Облыста 1 мамырдан бері 340 адамнан індет табылды. Соның ішінде 207-сінен (60,8 пайызы) ЖРВИ белгілері бойынша дәрігерге қаралған кезде ковид анықталды. Сондай-ақ 104-і (30,5 пайызы) бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған. 26-сынан (7,6 пайызы) профилактикалық мақсатта тексерілген, үшеуінен (0,8 пайызы) стационарға жатқызар алдында сынама алынғанда, дертке шалдыққаны белгілі болды», деп хабарлады ведомстводан.