01 там, 2019 сағат 11:42

Батыр Жүкембаев экс-чемпионмен жұдырықтасатын болды

Кәсіпқой бокста бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) келесі жекпе-жегін 26 қыркүйекте Канаданың Монреаль қаласында өткізеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы ол өзінің facebook парақшасында хабарлады.

«Ассалаумағалейкүм баршаңызға! Менің келесі жекпе-жегім - 26-қыркүйекте. Экс-чемпионмен өтетін айқасым - мен үшін үлкен сынақ! Алла қаласа әлем чемпионы атану дейтін ұлы мақсатыма бір табан жақындай түсемін. Ол қанша азулы болса да, қазақ елінің намысы маған күш-қуат сыйлайды! Қолдауларыңызға рахмет!», деп жазды ол жеке парақшасында.

Толықтырып айта кетсек, Жүкембаев келесі айқасын мексикалық 32 жастағы Мигель Васкесқа (41-8, 15 КО) қарсы өткізеді. Ол 2010-2014 аралығында жеңіл салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы болған. Жекпе-жек - бірінші орта салмақта 10 раундтан тұрады.

Айта кетейік, 26 қыркүйекте өтетін бокс кешінде тағы үш қазақстандық спортшы өнер көрсетеді: Садриддин Ахмедов (9-0, 8 КО), Нұрзат Сабыров (10-0, 9 КО) және Аман Қазанғапов (0-0-1). Олардың қарсыластары кейін анықталады.