31 қаң, 2023 сағат 13:13

Баспасөз картасы журналисті блогерден ажырату үшін беріледі – Дархан Қыдырәлі

Фото: Baq.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне «Баспасөз картасы» механизмін енгізу не үшін көзделіп отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Масс медиа туралы заң жобасында журналистің мәртебесін айқындау көзделіп отыр. Баспасөз картасы сол журналистің статусын айқындау үшін, жалпы журналист пен блогерді ажырату үшін беріледі. Бұл жаңашылдық Еуроодақтың бірқатар мемлекетінде, мысалы Түркияда біраз жылдан бері кеңінен қолданылады», - деді министр.

Ол пресс-карт шетелдің тәжірибесінен алынған механизм екенін еске салды.

«Сонымен қатар оны беру механизмін де қарастырып жатырмыз. Бұл негізі журналистердің өзін-өзі реттеу механизмі бойынша арнайы комиссия арқылы реттеледі деген ойдамыз. Ол картаны министрлік бермейді, өздеріңіз сияқты жалпы журналистер қауымдастығы тарапынан құрылатын комиссия арқылы шешіледі», - деді Дархан Қыдырәлі.