03 нау, 2023 сағат 18:24

Бас прокуратура наразылығы: Алмас Әбдіғаппаровқа қатысты үкім өзгертілуі мүмкін

Фото:instagram.com/almas_abdygapparov

Бас прокуратура Алмас Әбдіғаппаровтың ісі бойынша Жоғарғы Сотқа наразылық жіберді. Бұл туралы ақпарат кәсіпкердің Instagram-парақшасында пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Жазбада Бас прокуратура қылмыстық іс бойынша бұрын шығарылған үкімнің күшін жоюға кассациялық наразылық жібергені хабарланды. Іс Жоғарғы Соттың кассациялық сатысында қаралады деп күтіледі.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі бұл наразылықты қадағалау органы шынымен де жібергенін растады. Басқарма бұдан басқа мәлімет бермеді.

Еске салайық, 2021 жылғы 27 шілдеде қалалық сотта белгілі кәсіпкер, Parmigiano Group басшысы Алмас Әбдіғаппаровтың ұсталғаны туралы ақпарат расталды. Ол Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағында "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемденіп алу немесе ысырап ету" көзделген қылмысты жасады деген күдікпен ұсталған еді. Кәсіпкер 5 жылға қаржы ұйымдарында басшылық қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.