Коллаж: Tengrinews.kz
Сенат отырысында Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев белгілі спортшы, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты оқиғаға пікір білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазиевтің айтуынша, Тұрлыхановтың ұлы әскери қызметкер болғандықтан бұл қылмыстық істі әскери прокуратура қадағалаған. Қазір ол аяқталып, сот қарауында жатыр.
"Ол (Тұрлыхановтың ұлы) - мерзімді әскери қызметші. Бұл қылмыс тіркелген кезде еңбек демалысында болған", - деді Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары.
Қазиев кіші Тұрлыхановтың кінәсі сот арқылы дәлелденсе, қызмет еткен бөлімшенің командирі де жауапты болатынын айтты.
"Заңда белгіленген тиісті тәртіп бойынша командир де жазасын алады", - деп қосты ол.