27 қыр, 2021 сағат 18:12

Барлық түлекке колледждерде тегін білім алуға мүмкіндік жасалады


Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен колледж түлектеріне қандай қолдау жасалатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Колледжде оқуға ниет білдірген 9-сынып түлектерін 100 пайызға тегін оқумен қамту жоспарланып отыр. Жыл сайын 9-сыныптан кейін 30 мың бала колледждерде ақылы негізде оқуда. Олардың біразы қаржылық қиындықтарға байланысты колледжді бітірместен, оқуын тастап кететін жағдайлар жоқ емес», - деді Ералы Тоғжанов Үкіметтегі онлайн баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жастардың, әсіресе аз қамтылған отбасылардың балаларын қолдау мақсатында оқуға ниет білдірген барлық 9-сынып түлектеріне колледждерде тегін білім алуға мүмкіндік жасалады.