05 нау, 2020 сағат 13:36

Барлық өңірлерде «Nur Otan» ішкі партиялық іріктеуі өтеді – Бюро мәжілісі

«Nur Otan» партиясының ішкі партиялық іріктеуі - праймериз жаңа форматта өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

Оның жазуынша, «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің Бюро отырысында ішкі партиялық іріктеу - праймеризді еліміздің барлық өңірлерінде биыл 30 наурыз бен 16 мамыр аралығында жаңа форматта өткізу жөнінде шешім қабылданды.