25 там, 2016 сағат 10:47

Банк өз клиентіне қатесі мен былапыт сөзі бар түбіртек берген

"Банк ЦентрКредит" клиентке былапыт сөз бен қате жазылған мәтіні бар түбіртек берген, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі. 

Facebook қолданушысы бұған наразылығын білдіріп, түбіртектің скриншотын жариялап отыр. Сөйтіп, ол түбіртектегі қазақша мәтінде жазылған қателерді санамалады. 

Бұл түбіртекте не жазылғанын ұғу қиын. "Уақыт" сөзі "уикыты" деп аударылса, "сома" сөзі "соми" деп берілген. Ал осыдан кейін "илуги шолитыш кишижит" деген түсініксіз мәтін жазылған. Ал түбіртектің соңында былапыт сөз бар. "Рақмет" сөзінің орнына Банк ЦентрКредит "Шихмет" дейді. 

"Бұл жағдайға байланысты кешірім сұраймыз. Банк мамандары бұл мәселені шешу үшін жұмыс істеп жатыр. Қате түзетіледі. Техникалық ақаудың себебі анықталады", - деп хабарлады Банк өкілі Ерлан Садықов.