Алматыда InterContinental қонақ үйінде болған қыз баланың өліміне қатысты Ұлыбритания азаматы Баракат Мохамедке сот үкімі шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сот оны ҚР ҚК 99-бабының 3-бөлімімен айыпты деп тауып 20 жылға бас бостандығынан айырды.
Сонымен қатар, ол 5 жылға Қазақстан Республикасы территориясынан аластатылады.
Сотталушы жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.
Айта кету керек, оқиға 2019 жылы 24 қазанда болған еді. Алматыдағы InterContinental қонақ үйінде 1,5 жастағы София Баракат есімді қыз бала көз жұмған болатын. Полиция күдікті ретінде оның әкесі Баракат Мохаммедті ұстады.
Биыл жазда аталған оқиғаға байланысты сот басталды. Айыптау актісіне байланысты Баракат Мохаммед шетелдік әуе компаниясында ұшқыш болып істеген. 22 жастағы Қазақстан азаматшасына үйленген. Бала қайтыс болатын күні ол есірткі шегіп, арақ ішкен.