18 қар, 2020 сағат 13:38

Балаларға сексуалды қылмыс жасағандарға жаза қалай күшейеді – заң жобасы

Кәмелетке толмағандарға сексуалды қылмыс жасап, жазасын өтегеннен кейін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған кезде оларды әкімшілік тұрғыда қадағалау туралы заңнамалық түзетулер кешені әзірленді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Айта кетсек, Мемлекет басшысы 2020 жылдың 1 қыркүйегінде «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауын жариялаған болатын.

Осы Жолдаудағы міндеттерді орындау мақсатында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы әзірленген.

Құжатты Мәжілісте бірінші оқылымда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова оқыды.

«Жалпыұлттық жоспардың 64-ші тармағы бойынша кәмелетке толмағандарға жасалған сексуалды сипаттағы қылмыс үшін жазаны қатайту қарастырылған. Осы тармақ бойынша қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық кодекстерге бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы заңнамалық түзетулердің кешені әзірленді», - дейді Анар Жайылғанова.

Агенттік басшысының айтуынша, бұл түзетулер біршама тапсырманы іске асыруға бағытталған.

«Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалды сипаттағы қылмыстар үшін жазаны күшейту, педофилдерді қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде ұстауды белгілеу, оларға рақымшылық жасауды және мерзімінен бұрын болдырмау көзделеді», - деді ол.

Анар Жайылғанова әзірлеген түзетулер мына ережелерден тұрады. Біріншіден Қылмыстық кодексте кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстарды жасағаны үшін санкциялар күшейтілген. Екіншіден, мұндай қылмыстарға жасағандар үшін белгілі бір лауазымды атқаруға өмір бойы тыйым салу көзделген.